Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бір тәулікте 245 ЖҚЕ бұзушылық анықталды

Павлодар облысында бір тәулікте 245 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында тек бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 245 ЖҚЕ бұзушылығын анықтады. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарған үш жүргізуші бар.

Мас күйінде көлікпен жүру Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-де жол жүрісі саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі ретінде сараланады. Егер жүргізуші мас күйінде рөлге қайта отырса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мысалы, 25 мамырда аудан мектептеріндегі соңғы қоңырауға байланысты қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Тереңкөл ауданының учаскелік инспекторы өзіне сеніп тапсырылған әкімшілік учаскеде Audi жеңіл автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі сезілді. Медициналық куәландыру қорытындысы жеңіл алкогольдік масаю дәрежесін растады.

– Аталған факті бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралып, сот шешімімен жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру