Павлодарда жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодарда жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының инспекторлары патрульдеу кезінде Hyundai Sonata көлігіне назар аударды. Жүргізуші полицияның заңды талаптарына бағынбады, тек жылдамдықты арттырып, жасырына бастады.
Амангелді – Семенченко көшелерінің қиылысында екі автокөлікпен соқтығысып, содан кейін қозғалысын жалғастырып, Семенченко көшесінде тоқтады. Содан кейін ол көліктен жүгіріп шығып, қаша бастады, бірақ оны полиция қызметкерлері ұстады.
– Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарына зақым келтіргені, сондай-ақ полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны және мас күйінде медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл іс материалдары сотқа жолданды. Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Сонымен қатар зардап шеккен көліктердің жүргізушілеріне келтірілген шығынды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.