Павлодардағы тергеу изоляторында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері болды
Павлодардағы тергеу изоляторында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Экскурсияны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері облыстық ҚАЖД бірлесіп ұйымдастырды. Сапардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу.
 Қонақтар үшін мекеме бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар асхананы, жатын орындары мен камераларды аралап, жазасын өтеу жағдайларымен танысты.
Қонақтар үшін мекеме бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар асхананы, жатын орындары мен камераларды аралап, жазасын өтеу жағдайларымен танысты.
- Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, карантин кезінде келулер тоқтатылды, бірақ қазір олар қайта жанданды. Экскурсиялар жемқорлықтың ғана емес, жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алудың жақсы құралы болып табылады, - деп түсіндірді мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.
 
						
 
											