Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодардағы тергеу изоляторында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері болды

Павлодардағы тергеу изоляторында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экскурсияны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері облыстық ҚАЖД бірлесіп ұйымдастырды. Сапардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу.

Қонақтар үшін мекеме бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар асхананы, жатын орындары мен камераларды аралап, жазасын өтеу жағдайларымен танысты.

– Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, карантин кезінде келулер тоқтатылды, бірақ қазір олар қайта жанданды. Экскурсиялар жемқорлықтың ғана емес, жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алудың жақсы құралы болып табылады, – деп түсіндірді мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру