Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 144 қылмыскерді ұстады

2019 жылы Павлодар жедел уәкілдері 144 қылмыскерді тапты, – деп  хабарлайдыPolisia.kz порталының тілшісі.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 16 қылмыскер анықталып, ұсталды, оларды экстрадициялау немесе қылмыстық істерді шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарына беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

Хабар-ошарсыз жоғалған 69 азаматтың орналасқан жері анықталды.

Айта кету керек, 2020 жылдың 15 күнінде 3 қылмыскер ұсталды.

Осылайша, 2020 жылдың қаңтар айында Екібастұз қ. ІІБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, Екібастұз ауданының шаруа қожалықтарының бірінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған 45 жастағы қылмыскерді ұстады.

Павлодар қ. ПБ Солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ақсу қ. Жолқұдық ауылында хабар-ошарыз жоғалып кеткен 50 жастағы тұрғынын анықтады. Әйел адам бағытынан адасқан. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру