Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 35 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодарлық полицейлер 35 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары барлығы 35586 құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 432 қылмыс ашылды.

– Мәселен, облыс орталығында Естай көшесінде патрульдеу кезінде 28 жастағы жас жігіттен ұнтақ заты бар 7 полиэтилен байламы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар салмағы 2,6 грамнан асатын психотроптық зат. Сонымен қатар сараптама нәтижелеріне сәйкес павлодарлық есірткілік мас күйде болған. Ер адам қамауға алынды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру