Павлодарлық полицейлер есіктері мен терезелері ашық көліктерді тексеруде
Павлодарлық полицейлер есіктері мен терезелері ашық көліктерді тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда автокөлік иелері өз көліктерін терезелері мен есіктері ашық, ал кейде кілттерді құлыптарында қалдырады. Түнгі уақытта павлодарлық полицейлер облыс орталығының аулаларында рейдтік іс-шаралар өткізеді, іс-шара барысында полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және автокөліктерді тексереді.
– Біз күн сайын үйлердің аулаларында иелері қалдырған автокөліктерді тексереміз. Кейбір жағдайларда иелері көлік салонының есіктерін жабуды ұмытып кетеді. Кілттерді тұтану құлыпында қалдырған кездер де болады. Сағат 23.00-де Академик Бектұров көшесі 115 үйдің ауласында полицейлер салонның есіктері мен терезелері ашылған Toyota Camry автокөлігін, ал Толстой көшесінде сағат 00: 00-де полицейлер салонның есіктері ашық және тұтану кілттері қалдырылған Mazda автокөлігін анықтаған. Бір түн ішінде осындай 10-15 көлік табылады, – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Осыдан кейін мемлекеттік нөмір белгісі бойынша полиция иесінің тұрғылықты жерін, оның ұялы телефонын анықтайды. Уақытқа қарамастан, полиция қызметкерлері қоңырау шалып, иесін көлігіне түсуді сұрайды. Иелері өздерінің ұқыпсыздығын көбінесе жұмыстан немесе жолдан шаршағандығымен түсіндіреді.