Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер мектептерді тексерді

Павлодарлық полицейлер мектептерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының мектептерін тексеру нәтижелері туралы брифингте Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина айтып берді.

Осы тексерулер білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды техникалық нығайту тұрғысынан (бейнекамералардың, дабыл кнопкасының, күзет құрылымының, сигнализацияның болуы) бақылауды жүзеге асыру мақсатында арнайы құрылған мониторингтік топтар жүргізді. Облыс бойынша да осындай тексеру жүргізілді.

– Тексеру нәтижелері бойынша барлық мектептер мен колледждер бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғаны анықталды. Қазіргі уақытта «SmartCityPavlodar» жобасын іске асыру шеңберінде Павлодарда 138 білім беру объектілерінде қосымша 4 мыңнан астам жаңа бейнебақылау камералары орнатылады, олар жедел басқару орталығына қосылатын болады. Сонымен қатар облыс орталығының 54 мектебінде кіруді бақылау және басқару жүйесінің 108 бекеті енгізіледі, – деп хабарлады Бибегүл Қамзина.

Бүгінгі күні бұлтты бейнебақылау жүйесіне қашықтан қол жеткізу арқылы ЖБО-ға 1516 бейнекамерасы бар 130 білім беру мекемесі қосылған. 316 мектепте немесе 88% және колледждердің 38 немесе 84% дабыл түймелері орнатылған.

Полиция қызметкерлері ғимаратты күзетуді вахтерлер мен күзетшілер жалғастырып жатқанын атап өтті. Павлодар қаласының №20 мектеп-лицейін, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатын, №8 мектеп-лицейінде күзет агенттіктері тәулік бойы кезекшілік жүргізеді.

Тексеру нәтижелері облыс әкімдігіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру