Павлодарлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысы туралы хабардар етті
Павлодарлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысы туралы хабардар етті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында 700 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 169 фактісі, 102 спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде пайда болу, ұсақ бұзақылықтың 50 фактісі тіркелді. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 7 адам ұсталды.
– Мысалы, 9 қараша күні сағат 19.04 шамасында Набережная көшесіндегі үйдің жанында 39 жастағы павлодарлық ұсталды, оның жанында аңшылық тегіс ұңғылы мылтыққа ұқсас зат болған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды. Павлодар ауданында ауыл тұрғынынан тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция ведомствосының мәліметінше, жол қауіпсіздігі желісі бойынша көлік құралдары жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан 80 келіге жуық асып кету фактісі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 54 фактісі анықталып, мас күйінде көлікті басқарған 12 жүргізуші анықталды. Осылайша Успен ауданының полиция қызметкерлері мас күйінде Audi көлігін басқарған жүргізушіні ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот шешімі бойынша оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу тағайындалды, сондай-ақ келесі 7 жыл ішінде көлік құралдарын басқаруға тыйым салынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ 2022 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады.