Павлодарлық полицейлер тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Павлодарлық полицейлер тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы мереке қарсаңында Департамент бастығының орынбасары Жандос Орынбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев ішкі істер органдарының тыл еңбеккерлерін құттықтады. Бүгінгі күні облыстық Департаменттің Ардагерлер ұйымының тізімінде барлығы – 12 тыл еңбеккері бар. Соғыстың ауыртпалығын бастан кешіріп, тылда Жеңіске жетуге күш-жігерлерін салған және бүгінгі күнге дейін Павлодар полициясының дәстүрлерін сақтай отырып, сапта жүрген тыл еңбеккерлерінің, ішкі істер органдарының құрметті ардагерлерінің отбасыларына барды. Жеңіс күнімен құттықтауларды Қабиден Жетпісов, Ғалымжан Раисов, Екатерина Тюрина, Дмитрий Редько, Мәдениет Арынов және Төлеш Иманжапаровтың отбастары қабылдады. Жандос Орынбаев соғыстан кейін қылмысқа қарсы күреске зор үлес қосқан ардагерлерге алғысын білдірді.
84 жастағы тыл ардагері отставкадағы полиция қызметкері Мәдениет Арынов үшін қонақтардың туған департаментінен келуі маңызды екенін айтты. Тыл ардагері қонақтарға әскери және соғыстан кейінгі қиын аштық жылдары туралы, қаншалықты қиын болғанын және жеңіске жету үшін барлық күш-жігерін салғанын айтты.
Біз бәріміз Жеңісті күттік. Бұл миллиондаған адамдар үшін ең бақытты күн болды, – деді ардагер.