Павлодарлық полицейлер жол қауіпсіздігіне әсер ететін 118 әкімшілік бұзушылықты анықтады
Павлодарлық полицейлер жол қауіпсіздігіне әсер ететін 118 әкімшілік бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 14 ақпаннан бастап «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Полицейлер балалардың жол-көлік жарақатына және жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін 118 әкімшілік бұзушылықты анықтады. Мысалы, 14 ақпанда сағат 08.30-да Қамзин көшесінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні тоқтатты. Ер адам балаларының қолынан ұстап, жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтті. Бұзушылыққа жол берген ер адаммен мұндай құқық бұзушылықты қайтамалау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сол күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Citroen C5 көлігін тоқтатты, ол тротуарда тоқтап, қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне шықты. Бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал ГАЗ 2705 көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша Қамзин-Ломов көшесімен бұрылған кезде белгіленген жерде жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін жас жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шара шеңберінде полицейлер балалар және ата-аналармен жұмыс жүргізуде, ата-аналар жиналыстарында жол жүру ережелерін сақтау және жолда болған кездегі балалардың жауапкершілігін тәрбиелеу мәселелері талқыланады, балалардың көлік тәртібін арттыру бойынша мектепке дейінгі және мектеп оқу орындарында оқыту жүргізіледі.
Полиция оқу орындары мен балалар мекемелерінің жанында көше-жол желісіне тексеру жүргізілгенін атап өтті. Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және азайту мақсатында жарқылдауық белгісі бар автопатрульдер жақын орналасқан.
«ЖКО-ның алдын алу», «Автомобильден сақтан» атты ақпараттық стенділері безендірілді. Әрбір оқу орнында ЖКО-ның алдын алу бойынша көрнекі ақпарат стендтері, тақырыптық бұрыштар, «Жол қозғалысы ережелері», «Қала көшесіндегі бала», «Жол полициясы хабарлайды» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.