Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД басшысы ІІО ардагерлерімен кездесті

Маңғыстау облысы ПД басшысы ІІО ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпан күні Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында ведомство басшысы ІІО ардагерлерімен кездесті. Ардагерлер – өңірдің ішкі істер саласына еңбегі сіңген асыл қазыналары. Жаңа басшы үшін бұл азаматтармен кездесіп, танысу қызметін бастаған сәттегі маңызды міндеттердің бірі болды. Кез келген бастаманы тамырынан танып-білудің маңызы зор. Полиция саласының өткені мен бүгінін қатар көрген ардагерлерден алатын үлгі-өнеге баршылық.

ІІО ардагерлері басшыға ақ баталарын беріп, тілектерін арнап, қызметіне сәттілік тіледі. Танысу барысында бірқатар өңір полициясының тарихынан сыр шертіп, қажеттіліктері мен мәселелері бойынша да тоқталып өтті.

Осылайша, тағылымы мол танымдық кездесу өтті. Ардагерлер де ІІО-ның жанашырлары екендіктерін, үнемі жас буынға бағыт-бағдар беріп, тәжірибемен бөлісетіндіктерін жеткізді.

– Жасы үлкен мұндай тәлімгерлеріміздің барына өте қуаныштымын және ұдайы өзара қарым-қатынаста бірлесе қызмет атқарамыз деп сенемін, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру