Павлодарлықтан 15 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Павлодарлықтан 15 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 мамыр сағат 01:40-та рейдтік іс-шаралар барысында Ақтоғай ауылында Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғынының жүргізуімен УАЗ көлігі тоқтатылды. Автокөлік салонында 36 және 31 жастағы екі жолаушы болған.
– Көлікті тексеру кезінде салоннан 15 келі бекіре тұқымы және балық аулау құралдары табылып, тәркіленді. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағында бекіре тұқымдас балықтарды аулауға жыл бойы тыйым салынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.