Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасыда ер адам өзгенің үйінен теледидар мен спутниктік қосымшаны ұрлап кеткен

Түркістан облысының Ордабасыда ауданында ер адам өзгенің үйінен теледидар мен спутниктік қосымшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ауылдағы үйлердің бірінен тұрмыстық техника ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктіден ұрланған теледидар мен оның спутниктік қосымшасын тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Толықтырып айтсақ, аудандық полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне терезеден кіріп, спутник пен теледидарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 180 мың теңгені құрады.

Учаскелік полиция инспекторлары ұрлық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстау мақсатында дереу оқиға орнына шықты. Олар аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру