Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бір аптада 553 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бір аптада 553 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Бір аптада 102 нөмеріне 1056 хабарлама келіп түсті. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 553 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 593-бабымен(Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 317, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) – 54, 600-бабының 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша 25 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикас ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) және 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) екі қылмыс ашылды.

– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз, – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру