Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД басшысының орынбасары Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібін тікелей эфирде түсіндірді

Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Бағлан Халықов тікелей эфирде халықпен тілдесті, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

ТО ПД «Facebook» әлеуметтік парақшасында, Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының Кадр жөніндегі орынбасары Бағлан Халықовпен тікелей эфир өткізілді. Онда Б.Халықов Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Ал, 50-ге тарта тұрғындар тікелей эфир арқылы өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Белсенділік танытқан тұрғындардың қатарында елге қызмет етіп, полицей болғысы келетіндер де болды. Оларға Б. Халықов бағыт-бағдар берді.

Бүгінде ашықтықты қамтамасыз етіп, тұрғынарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарау – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы бұны бақылауға алып, назардан тыс қалдырмайды.

Оған қоса, қазіргі карантин жағдайына байланысты халықтың қауіпсіздігі мақсатында тұрғындарды жеке қабылдау тоқтатылып тұрса да, Түркістандық полицейлер тұрғындармен жазбаша, тікелей эфирлер, онлайн түрінде кері байланыс орнатып жатыр. Бұл іс-шара соның бір көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру