Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

100 өрт сөндіруші Алматыдағы өртпен күресті

Жүз өрт сөндіруші оңтүстік астанадағы өртпен күресті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 14.21-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Түрксіб ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші өрт сөндіру есебі өрт орнына жеті минут ішінде келді.


Сағат 14.28-де қоймаларда тауарлық-материалдық құндылықтардың жанып жатқаны (қағаз өнімдері, мототехника және т.б.) анықталды. Өрттің жалпы аумағы – 1600 шаршы метр.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 100 адам, 24 бірлік техника, алты суару – жуу машинасы, 1 МИ-171 (703) тікұшағы, 1 МИ -8 АМТ ССА тікұшағы жұмылдырылды. 13 су төгіндісі шашылды, жалпы көлемі 39 тонна.
Оңтүстік астана өрт сөндірушілерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сағат 17.11-де сөндірілді. Қабылданған жедел шаралар жанып жатқан объектіге жанған тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші қойма үй-жайларына оттың таралуының алдын алды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру