Петропалда екі көкшетаулық ұрлық пен полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін сотталды
Петропалда екі көкшетаулық ұрлық пен полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда бұрын бірнеше рет істі болған 34 және 25 жастағы екі Көкшетау қаласының тұрғыны сотталды. Екеуі де СҚО тумасы, Петропавлға өткен жылдың аяғында пәтерлерде ұрлық жасау үшін келген. Үй кіреберістеріне кіріп, үй иелерінің іште бар-жоғын анықтау үшін пәтерлерге қоңырау шалған. Бұдан кейін есіктің құлпын бұзып, тауып алған құнды заттарды ұрлаған. Көп жағдайда олар ақшалай қаражатты және алтын бұйымдарды қолды қылған, дей тұрғанымен, ұрланған заттардың арасында әйелдердің әтірі мен тыңдағыш та бар.
2022 жылы 4 ақпан күні олар Сатпаев көшесіндегі үйден 600 мыңнан астам теңгеге ұрлық жасап, қылмыстық әрекеттерін ары қарай жалғастыру үшін жаңа пәтер іздеген. Алайда жақын жерде жүрген полицейдің арқасында олардың әрекеттері тоқтатылды. Сол кезде азаматтық киімде болған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жасұлан Балдиков Бөкетов көшесіндегі үй кіреберісінде көкшетаулықтардың бірін байқайды, кіреберістің жанында оның жақтасын аңғарған. Полицей оларды бағдар парағынан көргендіктен, түрлері таныс көрінген. Болып жатқан оқиға туралы полиция капитаны әріптестеріне хабарлаған, 25 жастағы көкшетаулыққа полиция бөліміне баруды ұсынған. Ол күш қолданып «ізін суытпақ» болған, алайда оның әрекетінен ештеңе шықпаған. Көмекке келген полицейлер ұрыларды құрықтаған.
– Олардан Сатпаев көшесіндегі үйден ұрланған құнды заттар тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сот әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті: есіктерді бұзған жасы үлкенін – бірнеше пәтерде жасаған ұрлық үшін, оның жақтасын – ұрлыққа қатысқаны және билік өкіліне күш көрсеткені үшін, – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлнұр Ахмедьяров.