Петропавл патрульдік полицейлері бұзақыны оқиға орнында ұстады
Петропавл патрульдік полицейлері бұзақыны оқиға орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдеу барысында Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұзақылық фактісін анықтады. «Lada Priora» автокөлігін жүргізіп келе жатқан жәбірленушінің арызы бойынша 4 сәуірде таңғы сағат төрт шамасында Исмаилов көшесінде екі адам оны тоқтатқан. Олар жолаушы отырған көліктің салонына кірмек болған. Оның біреуі капотына шығып секіріп, көліктің алдыңғы әйнегін сындырған. Даулы жағдайды патрульдік полицейлер байқап қалып, жолын кескен. Ұсталған күдікті Петропавлдың 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
– Ұсталғанның айтуынша, «Lada Priora»-ның жолаушысын танитынын, сол адам оған ақша қарыз болған, — деп тоқтала кетті Петропавл қ. ПБ анықтау бөлімінің бастығы Дәурен Негиметов. — Келтірілген шығын 150 мың теңгеге бағаланды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.
Үш айда СҚО-да ҚР Қылмыстық кодексінің аталған бабы бойынша 26 факті тіркелді. Полицейлер олардың көбі алкогольдік масаң күйде жасалатындығын атап өтті. 11 жағдайда қылмыстар көшелер мен алаңдарда орын алса, жеті – дәмхана мен мейрамханаларда жасалған. Бұзақылықтың жолын кесу мен алдын алу полицияның барлық сыртқы қызметтерінің міндетіне жатады.