Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досының атын жамылып ақша сұраған шымкенттік ұсталды

Досының атын жамылып ақша сұраған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына жергілікті жердің 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, «WhatsApp» интернет желісіне белгісіз азамат, дос қызының атынан хат жазып, 120 мың теңге қарызға сұрағандығын, содан ол 140 мың тенгені дос қызының банкомат карточкасына аударып жібергендігін, алайда кейін ол ұялы телефон өзін қара тізімге кіргізіп қойғанын, таныс қызына хабарласқан уақытта ол ешқандай ақша сұрамағандығын, белгісіз азамат оның атын жамылып таныстарынан ақша сұрап жатқандығы туралы көрсеткен. Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру