Петропавл полицейлері 3 мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіледі
Петропавл полицейлері үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдық полицейлер СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесе контрафактілі алькогольдің ірі партиясын тәркіледі. Тексеріс барысында қаладағы ЖШС-тің бірінің қосалқы бөлмесінен бес литрлік 226 пластикалық бөтелкелердегі градусы жоғары спирттік ішімдіктер мен 1,5 мың бір жарым литрлік бөтелкелердегі сыра, сондай-ақ 653 блок контрафактілі темекі алынды.
– Лицензиялау рәсімінен өткізілмеген өнімдер тұтынушылардың денсаулықтарына және өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін,- деп түсіндірді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. Мұндай өнімдердің сапасы үшін ешкім жауапкершілік артпайтынын түсінген маңызды. Оны сақтау және тасымалдау жағдайлары бақыланбайды, бұл оларды қолдануда кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Заңсыз алкогольге қарсы күрес, алғашқы кезекте, халықтың денсаулығына келетін қауіптен қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, дені спирттік ішімдіктің буымен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар профилактикасының маңызды бөлігі. Кәсіпкерлерден қызметтерін заңнамалық нормалар шеңберінде жүзеге асыруларын сұраймыз.
СҚО полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан барлығы 1500 литрден астам алкогольдік ішімдіктер алды.