Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлерге қылмысты ашқаны үшін алғыс айтылды

Алматылық полицейлерге салынып жатқан жол торабынан жабдықтарды ұрлау бойынша қылмысты ашқаны үшін алғыс айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзет ұйымдарының бірінің дирекциясы жедел қызметкерлерге, криминалдық полиция басшылығына және Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне Бухтарминская мен Кұлжа трактілерінің қиылысында салынып жатқан көлік торабындағы қылмысты жедел ашқаны үшін алғыс айтты.
Белгілі болғандай, қылмыс 27 наурызға қараған түні болған. Жабдықтарды белгісіз біреулер ұрлаған. Күзет агенттігі полицияға арыз берді.

– Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәровқа, бөлім бастығының орынбасары Сәбит Сансызбаевқа, осы полиция бөлімінің жедел уәкілдері Ихтияр Давлетов пен Әбдіманапов Нұрланға жоғары кәсібиліктерінің арқасында қылмысты “ізін суытпай” 24 сағат ішінде ашты және қылмыскерлер ұсталды, – делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығына жолданған алғыс хатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру