Петропавл полицейлері адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды
Петропавл полицейлері адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпанда Петропавлда көшеде ересек адамдардың ілесуінсіз жүрген бес жасар қызды көрген қала тұрғыны полицияға жүгінген. Ол өзінің есімін, ата-анасы мен інісінің есімдерін сенімді түрде айтқанымен, тегі мен мекенжайын есіне түсіре алмаған. Ұзақ уақыт бойы қызды ешкім іздемеген. Әйел баланы өз үйіне әкеліп, кейін полицияға қоңырау шалған. Тәртіп сақшылары қала тұрғыны байқаған аудан бойынша кішкентай қызбен ілесе отырып оның мекенжайын тез тауып алған. Қыз бала өзінің үйін таныған, өзімен бірге болған домофонның кілті подъездің есігін ашқан. Ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы баланы пәтеріне жеткізіп салған. Отағасының түнгі кезекшіліктен кейін ұйқыға кеткені, ал анасының қызын терезе арқылы қарап отырғанымен, жөргектегі сәбиіне қарайлаған сәтінде назардан тыс қалғаны анықталды.
Полицей келген кезде олар қызды іздеуге енді шықпақ болған. Абыржыған ананың түсіндіруінше, қызы өз бетімен қыдырып кететіні және бұрын ешқашан ауладан кетпегені жайлы айтқан.
– Отбасы полицияда есепте жоқ, – Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов. — Учаскелік инспектор ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Қала тұрғындарына: бала жауапты әрі өз бетімен жүріп тұрса да, кездейсоқ адасып кету әркімнің басында болуы мүмкін екендігін естеріне саламыз. Балалардың өз мекенжайы мен тегін білгені дұрыс. Баланың қалтасына салынған мекенжайы мен ата-аналарының телефондары жазылған жазба жақсы кепіл бола алады. Петропавл қ. ПБ басшылығы балаға алаңдаушылық танытып, дұрыс шешім қабылдаған қала тұрғынына алғыс білдіреді.