Петропавл полицейлері автокөлікті қасақана бүлдірген күдіктіні ұстады
Петропавл полицейлері автокөлікті қасақана бүлдірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 сәуірде Петропавлда әлеуметтік желілерде көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған видео жарияланған. Онда қаланың шет аудандарының бірінде ер адам тоқтап тұрған «KIA» автокөлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктің иесі бір миллион теңге шығын келтірілгені жайлы айтып, мүлкінің зақымдалғаны туралы арыз жазған.
Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері әуесқой бейнежазбаны іске қосты. Күдікті жылдам анықталғанымен, алайда тіркелген жері бойынша болмай шықты. Бірнеше күн бойы күдікті жасырынып жүрді, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұсталды. Ол өз кінәсін мойындаған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, масаң күйде болғанын және ермек үшін «нысананы» кездейсоқ таңдағанын түсіндірген. Мәселенің мән-жайын Бірінші ПБ тергеушілері анықтайтын болады. Зақым келтірілген көліктің иесі бұрын күдіктіге жұмыс беруші және сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті деп ойлап, оған жуырда Петропавл қ. Полиция басқармасына арыз жазған.
– Автокөлікті зақымдау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, — деп тоқтала кетті Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов. — Қажетті сараптамаларды тағайындау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.