Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік тізгіндеген мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлік тізгіндеген мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында 10 сәуірде Полиция басқармасының патрульдік-полиция қызметкерлері С.Бейбарыс пен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген “Ваз” маркалы автокөлігін байқаған. Полиция автокөлікті тоқтату барысында жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде көлік тізгінін басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Мұндай құқық бұзушылықтар он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатынын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру