Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысты

Петропавл полицейлері бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егер балаңыздың мінез-құлқынан алаңдатарлық өзгерістерді байқасаңыз не істеу қажет?

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты осы және басқа да сұрақтарға петропавлдық оқушылардың ата-аналары облыстық полиция департаменті басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған бірыңғай ата-аналар жиналысына қатысып, жауап алды. Ересектермен полиция қызметкерлері, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері, білім саласының өкілдері әңгімелесті.

Ювеналдық полиция қызметкерлері қандай қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жиі кездесетінін айтты. Мысалы, жыл басынан қалада заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй-жайдан тыс жүруінің 109 фактісі тіркелді. Кейде ата-аналар балаларын үлкен ағаларымен немесе әпкелерімен бірге жібереді. Полицейлер заң бойынша олардың жанында тек заңды өкілдер немесе оларды алмастыратын адамдар ғана жүре алатынын түсіндірді. Әжелерінде немесе басқа туыстарында уақытша тұруы, жас спортшылардың жарысқа шығуы кезінде балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын ересек адамға сенімхат ресімдеу қажет.

– Жасөспірімдер нашақорлығы, кемсіту, суицидке бейімділік және басқа қауіптер талқыланды. Ата-аналар балаларының мінез-құлқындағы түсініксіз өзгерістерді әрдайым байқай алады. Балалардың сеніміне қол жеткізу керек және мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпау қажет. Үйдегі болған келеңсіз жағдайлар балалардың нашақорлыққа берілуіне немесе қылмыстық әрекеттер жасауына себеп болмауы керек. Сондай-ақ қызметкерлер күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым кеңестер ұсынады. Балалардың көз алдында отбасылық жанжалдарға жол бермеңіз. Кішкентай кезден бастап жануарларға, жасы жағынан кіші інілері мен сіңлілеріне, құрдастарына қатыгездік жасамауды үйретіңіздер. Балаларыңыздың қоршаған ортасы туралы барлығын білуге тырысыңыз., – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Кәсіби күзетшілердің қызметіне көшу, бейнебақылауды кеңейту сияқты мектептегі қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Ата-аналардың айтуларынша, бірыңғай жиналыс балалар қауіпсіздігіне қатысты барлық сұрақтарға бір жерден жауап алуға жақсы мүмкіндік болған. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін кәсіби қызметтер мен ата-аналардың күшін біріктіру.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру