Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын интернет кеңістігіндегі алаяқтық туралы хабардар етуді жалғастыруда. Жадынамалар, брошюралар және жеке түсініктемелер – бұл полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарының бірі. Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтыққа жол бермеу жөніндегі акцияны апта сайын жүргізеді.
Бұл жолы учаскелік инспекторларға патрульдік полицейлер де қосылды. Олар жүргізушілерге ақпараттық брошюралар тарату арқылы киберқылмыскерлердің қауіптілігі туралы хабарлады. Көлік жүргізушілері ризашылықтарын білдіріп, қарт туыстарына, көршілеріне және таныстарына полицияның барлық ұсыныстарын айтуға уәде берді.
– Мен интернеттегі алаяқтық схемалар туралы жиі естимін. Көптеген жағдайда ОLX, Kolesa.kz қосымшаларында алаяқтық кездеседі. Мұндай жағдайларға тап болған таныстардың айтуынша, алаяқтар ақшаның бір бөлігін аударуды ұсынады, содан кейін бүкіл мәселе шешіледі. Өзім олардың қулықтарына іліккен емеспін, – дейді Александр.
Жыл басынан Петропавлда интернет-алаяқтықтың 50-ден астам фактісі тіркелген. Схеманың ең көп таралған түрі – банктен қоңырау шалу. Жалған қызметкер біреулердің несие алуға тырысқанын, жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, логиндер мен парольдерді жіберу керектігін айтып, адамдарды сендіреді.. Осы жылы Петропавл қаласында 22 факті тіркелді. Қаскөйлер әлеуметтік желілер мен қосымшаларды белсенді қолданады. Тегін хабарландырулар сайты арқылы 12 адам алданып қалды. Сегіз адам Kolesa.kz қосымшасында машина сатып алмақ болып, алданып қалған.
– Интернет-алаяқтар смартфондар мен компьютерлерге арналған қашықтықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы жаңа схемалар мен сценарийлерді қолданады. Алаяқтар көбінесе басқа қала мен елде жұмыс істейтінін еске саламыз. Қоңырау шалушылардың ақпаратын жіті тексеріп алған абзал. Өз деректеріңізді ешкімге айтпаңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығы Жандос Мұқатов