Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері танысының көлігін заңсыз иемденген тұрғынды анықтады

Түркістан облысының полицейлері танысының көлігін заңсыз иемденген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, танысы өзінше билік етіп, көлігін тартып алғанын жеткізген. Полиция қызметкерлері аталған деректі ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары істің ақ-қарасын ажырату үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдікті ер азаматқа бес млн теңгеден астам ақша қарыз екені анықталды. Содан күдікті ақшасын қайтармай жүрген жәбірленушінің көлігін күштеп тартып алған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру