Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Петропавл полицейлері жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша өтініштер санының өскенін тіркеді. Соңғы төрт ай ішінде 514 факті анықталды. Өткен жылы осы уақыт аралығында 326 факті тіркелген болатын.

– Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жүргізетін әдістемелік түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген қарым-қатынас, кез-келген отбасында қолайсыздық тудырады. Сол үшін жағдайды шиеленістірмей, құқыққа қарсы мінез-құлық фактілерін жасырмау қажет, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова.

Полицейлер отбасылық жанжал, ұрыс-жанжал немесе ауызша қорлау тіркелген мекен жайларды үнемі тексеріп отырады. Жыл басынан бері құқық бұзушыларға қатысты 511 қорғау ұйғарымы шығарылып, сот шешімімен 122 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді.

Осыған қарамастан 56 жанжалқой қорғау ұйғарымын бұзса, 78 адам ерекше талаптарды елемеген. Мұндай тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу түріндегі ықпал ету шарасы қолданылады.

Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары Петропавл қалалық полиция басқармасының 8 (7152) 49-31-58, облыстық полиция департаментінің 8 (7152) 61-25-30 нөмірлеріне, республикалық «111» сенім желісіне немесе «102» арнасына хабарласа алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру