Петропавл полицейлері қайтыс болған адамның затын ұрлаған күдіктіні ұстады
Петропавл полицейлері қайтыс болған адамның затын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлдық әйел металлолом мен екі велосипед ұрланды деп полицияға арыз жазған. Бұл жағдайдың өзі ерекше, себебі иесі былтырғы жылы қайтыс болған. Оның барлық туыстары шетелде тұрады. Олардың атынан сенімхатпен қайтыс болғанның заттарына қарап, мұрагерлік мәселелерімен айналысқан. 16 мамыр күні әйел үйдің ауласындағы заттардың жоғалғанын байқаған. Шығын көлемі 290 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер ең алдымен көрші аулаларды тексеріп шықты. Осылардың бірінен жоғалған заттар табылды.
– Күдікті – бұрын сотты болған, 32 жастағы қалалық, – деді Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова. – Күдіктінің айтуынша, қайтыс болғанның мүлкіне мұрагерлер иелік етеді деп ол ойламаған, ол үшін ең бастысы заттардың иесі жоқ болған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Ұрланған заттар қайтарылды.