Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада 12 жасар бала рульге отырып, жол апатына түсті

Ақмолада 12 жасар бала рульге отырып, жол апатына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 17 мамырда шамамен сағат 22:00-де Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны 8 март көшесіндегі үйдің ауласында тұрақ тұрағында Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігін жөндеп, оны оталдырып, уақытша кетіп қалған. Осы сәтте 12 жасар ұлы әкесінің автокөлігінің салонына өз еркімен отырып, абайсызда беріліс қорабының тұтқасын ұстап, алға қарай жүріп, 8 март көшесіндегі ауладағы металл қоршауды қағып кеткен. Содан кейін көлік иесі оқиға орнынан көлікті айдап кетіп, бұл туралы ІІО-ға хабарламаған. Алайда немқұрайлы азаматтар болғанның бәрін телефон камерасына жазып, әлеуметтік желілерге орналастырды. Нәтижесінде бір сағаттан кейін полицейлер жүргізушіні анықтап, осы факті бойынша жауапқа тартты. Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осыған байланысты полицейлер белсенді азаматтық ұстанымы үшін немқұрайлы емес азаматтарға тағы да алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру