Петропавл полицейлері қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнына 385 адамды жеткізді
Жыл басынан Петропавл полицейлері қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнына 385 адамды жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы көшелеріндегі тұрғылықты жерлері жоқ адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Тексерістер күн сайын жүргізіледі, бір рейд барысында қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнына шамамен 10-12 адам жеткізіледі.
Жыл басынан полицияға 385 адам жеткізілді. Сот санкциясымен қабылдап-тарату орнына 65 тұлға орналастырылды. Есептің көмегімен бұрын сотты болған 9 адам анықталды. 62 тұлға тізімдік есепке қойылды, оның 47-сі ер адам, 15-сі әйел адам. Жыл басынан қабылдағыш қызметкерлерімен “қаңғыбастықпен айналысуға бейім тұлға” санаты бойынша тізімге 175 адам енгізілді.
Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орны бастығының міндетін атқарушы Болат Баймақановтың айтуынша, қабылдағыштың жинау тобы күн сайын сағат 16:00-ден сағат 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты жерлері жоқ тұлғалар санатындағы адамдар қабылдап-тарату орнына арнайы есептер бойынша тексеруге жеткізіледі, саусақтарының таңбалары алынып, фото-бейне есепке қойылады.
Жеткізілгендер, ҚР заңнамасына сәйкес, жеке бастарын анықтаған соң, үш сағаттың ішінде жіберіледі, ал тұрғылықты жерлері жоқ адамдар түнеу орнына жеткізіледі. Барлық жеткізілген адамдармен қоғамдық орындарда жат қылықтарға жол бермеуі туралы және қаңғыбастықпен айналысуын тоқтатуы жайында профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Кезекті рейд барысында полицейлерге Украйнская көшесі бойындағы дүкендердің бірінен шақырту келіп түсті. 70 жасар мүгедек полицейлерден түнеу орнына жеткізуін өзі өтінген. Себеп – үйдегілерімен жанжалдасып қалуы. Нәтижесінде қария уақытша түнеу орнына жеткізілді. Айта кететіні, аталған мекеме дәл сол Жұмысшы кентінде “2629 километр” мекенжайы бойынша орналасқан, қоңыр күзден бастап жазға дейін жұмыс істейді.
Маусым арасындағы күн райының жағдайы үйсіздерге қолайсыздық тудырады. Осы кезеңде қаңғыбастардың өздері полицейлермен жеке бастарын анықтағанша және профилактикалық әңгіме жүргізгенше жылы жерде отырғылары келеді. Полицейлер тұрғылықты жерлері жоқ адамдардың тарапынан қоғамдық тәртіпсіздікті бұзуға қатысты мәселелер (қаңғыбастардың подъездердетүнеуі, жылу құбыларының маңайын жиналуы) бойынша қабылдап-тарату орнының кезекші бөліміне 8(7152) 52-92-89 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу қажет екенін еске салады.