Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері құбыр ұрлаған күдіктіні анықтады

Петропавл полицейлері саяжайшылардан су жүргізетін құбырды ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда «Тихая роща» қоғамының саяжайшыларын қар ерісімен тосын жайт күтіп тұрды. Қар астында жатқан диаметрі 160 мм. ұзындығы 610 метр пластик құбырлардың қолды болғаны анықталды.
Құбыр «Гудок» қоғамынан «Тихая роща» қоғамына дейін салынған болатын. Шығын сомасы үш миллион теңгеге жуықтаған. Саяжай қоғамдарынын арасы шамамен 2 км, жазғы су жүргізетін құбырлардың айтарлықтай бөлігі күзетшілердің назарынан тыс болған. Ұрлық кез-келген уақытта жасалуы мүмкін еді, тіпті суару маусымының соңында да. Күдіктінің ізіне шықпас бұрын Петропавл қ. Полиция басқармасы Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдеріне ондаған адамнан жауап алуға тура келген. Қараша айының басында оқиға орнының маңында бірнеше рет «ГАЗель» жүк көлігі көзге түскен екен. Полицейлер жүк тасымалымен айналысатын барлық петропавлдықтарды тексеріп, көлік жүргізушісін анықтаған. Ал ұрланған құбырлардың тасымалына тапсырыс берген адамды анықтауға көп күш жұмсалған жоқ: күдікті 26 жастағы қала тұрғынының қазіргі уақытта ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін тергеу изоляторында отырғаны анықталды.

– Ол кінәсін мойындап, құбырларды қалай сатып жібергенін айтып берді, – деді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.
– Қазіргі уақытта саяжайшылардың ұрланған мүлкін іздестіру бойынша шаралар қабылдануда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру