Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер студенттерді арнайы қабылдау орталығына алып барды

Полицейлер студенттерді арнайы қабылдау орталығына алып барды және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сотталған жүргізушілерді көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы Анықтау басқармасы жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің қызметкерлері Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының дуальды білім беру Орталығының студенттеріне “шок терапиясы” деп аталатын іс-шараны ұйымдастырды.

– Біріншіден, біз үшін жастарға мас күйінде көлік жүргізудің қандай құқықтық салдары болатынын нақты көрсету маңызды болды. Полиция жетекшілері оларға алғашқы және қайталанған заң бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза туралы айтып берді, сәйкесінше әкімшілік қамауға алынған және көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді де көрсетті. Осы уақытқа дейін әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдау орталығында 66 адам жазасын өтеуде, оның үшеуі – әйелдер. Жалпы, жыл басынан бері 500 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ, спикер бұл экскурсиямен студент-заңгерлер жақсы өмірлік сабақ алып қана қоймай, теориялық білімдерін де шыңдағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру