Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері саяжайлардағы атты патрульдің санын арттырды

Екі айға жуық Петропавлдың саяжай қоғамдарын қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі кавалерия взводының қызметкерлері патрульдеп жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин шектеулері алынуына және ауа райының жылынуына байланысты полицейлер машруттардың санын көбейтті. Заречный мен Новопавловка кенттеріндегі барлық саяжай қоғамдары назарға алынды.

– Олардың міндеті – бау-бақшаларда, жаяу және автопатрульдер жүріп өтуі қиын аумақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, — деп түсіндірді СҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. — Жалпы, кавалеристер саяжайлардағы жағдайды тұрақты деп бағалайды. Ұрлықты болдырмау үшін олар саяжай қоғамдарының төрағаларымен және күзетшілермен байланыс жасайды, бөгде адамдарды назарға алады, түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша саяжайшылармен профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Бүгінгі күні кейбір саяжайшылардың қоқысты жағуы аса үрей туғызады. Бір-екі күн бұрын «Веснянка» қауымдастығына өрт сөндіру жасақтарын шақыртуға тура келді. Саяжай иесі былтырғы қураған шөпті жағамын деп үй-жайсыз қала жаздады. Сонымен қатар, полицейлер саяжайшылардың тыныштығын бұзатын маскүнемдерді де жеткізеді. Жұмыстың бір бағыты – абаттандыру қағидаларын сақтау, стихиялы қоқыс орнындарының пайда болуына жол бермеу. Кавалеристер әр осындай фактіні саяжайшылармен және қауымдастық төрағаларымен бірлесіп тексереді.

Атты полицейлер қаңырап тұрған бос учаскелерді де, иелері түнеуге қалатын саяжайларды да жақсы біледі. Әрбір саяжайшыны танып, танысуға тырысады. Саяжай маусымы ашылмас бұрын олар қызмет көрсетілетін қауымдастықтардағы жағдайды зерделеді. Адамдар кавалеристерді жақсы танығандықтан, олармен ашық әңгімелеседі.

Бұған көбіне балалардың жылқыларға деген қызығушылығы әсер етеді. Бір емес бірнеше рет атты патрульдер қаланың кішкентай тұрғындарының атпен салт жүру және олардың қасында суретке түсу туралы өтініштерін орындаған. Полицейлердің төрт аяқты достары балаларға үйренген: олардың бірнеше жыл бойы кавалерия взводына келуі мектеп оқушылары СҚО ПД объектілеріне жасаған экскурссияларының жарқын көрінісі мен ерекше білім беретін қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Иппотерапия сеанстары — олардың сүйікті ісі. Карантин енгізілгенге дейін атты взводтың қарамағына апта сайын қимыл-қозғалысы шектеулі балаларға арналған үш мектептің оқушылары келді. Жануарлармен байланыс және кавалеристердің көмегімен атпен салу жүру оларға бұлшықет тонусын көтеріп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру