Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тұрғындар полицейлерге ізгі тілектерін білдірді

Солтүстікқазақстандықтар полицейлердің кәсібилігі мен игі істеріне баға берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер үшін қызметтен тыс уақытта көрсеткен көмектері үшін адамдардың білдірген шынайы ризашылықтары еңбегінің еленгені.

– Соңғы кездері полиция қызметкерлерінің жұмысына ризашылық білдірген тұрғындардың пікірлері кәсіби негізді тәрбиелеуге және нығайтуға септігін тигізіп жатыр. Жоғары кәсібилік пен ерекше көзге түскен қызметкерлер жайлы жақсы пікірлер білдіру қызметтік міндеттер мен адами парызды жауапкершілікпен атқаруға итермелейді, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Капез Даулетбаев.

Екі ай бойы полицейлермен бірге дәрігерлер блокбекеттерде кезекшілік етті. Бұл мамандық иелері үшін жолда түнгі кезекшілікке түсу оңай болған жоқ. Мейірбике Дәметкен Саликова медицина қызметкерлері атынан облыстық Полиция департаментіне қоңырау шалып, Қызылжар ауданының қызметкерлеріне, әсіресе Аманжол Башановқа ризашылығын білдірді.

– Оңай болған жоқ, әсіресе көктемнің соңындағы ызғарлы суық күндері қиын болды, бірақ полицейдің көрсеткен қолдауының арқасында біз өз міндетімізді орындап шықтық, – деді мейірбике.

Қоғамдық бірлестіктің төрайымы ПД басшысы Марат Төлебаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналған әйелдер мен балаларға көмек көрсетудегі ынтымақтастық және белсенді жұмысы үшін алғысқа толы хатын жолдады. Алина Орлова полицей Ринат Багаутдиновтың жұмысын атап өтті.

Уәлиханов ауданының тұрғындары да Балаларды қорғау күні көңіл-күй сыйлаған полицейлерге ризашылықтарын білдірді. Полиция қызметкерлері баланың көптен бергі арманын орындап, велосипед сыйлады. Үздік оқушы жол жүрісі қауіпсіздігін қатаң сақтайтынын айтып, велосипедімен алғашқы саяхатына зымырай жөнелді. Ал, әлеуметтік желілерде жол жүрісіне қатысушылардың пікірлері жиілеп шыға бастады.

– Бұрын постарды оқып отырғанда, бұның бәрі лайк жинау үшін деп ойлайтынмын. Бүгін осындай жағдайға өзім тап болдым. Былғары зауытындағы саяжайға бара жатқанмын, көлігіме қара топырақ, картоп тиеп, оның үстіне ата-анам үйіндегі итімді де өзіммен бірге алғанмын. “Добрый путь” дәмханасының маңында көлігімнің ремені үзіліп кетті. Ғажайып ертегідегідей МАИ қызметкерлері қасымнан табылып, көмектерін көрсетті. Тіркеуге алып, саяжайға дейін жеткізіп салды. 105 экипажы, Сіздерге респект! Рахмет! Әлем қайырымды жандарға толы, – деп жазба қалдырды “Instagram”  қолданушысы.

Петропавлдық зейнеткер, екінші топтағы мүгедек Николай Данилин көлігін облыс орталығына дейін буксирге алған патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Машинасының істен шығуына байланысты Тимирязев ауданына сапарын жалғастыра алмай, Покровка ауылының маңында жалғыз тұрып қалған. Қызмет инспекторлары Нұрсұлтан Аушахманов пен Азамат Шукенов зейнеткерге көмектескен.

Солтүстікқазақстандықтардың осы сияқты пікірлері – полиция қызметкерлерінің жұмысына берген оң бағасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру