Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері шинажинақтау шеберханасынан ұрлық жасаған ер адамды ұстады

Петропавл полицейлері шинажинақтау шеберханасынан ұрлық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны «Audi-100» көлігінің доңғалағына жел бермек болып, Петропавл қаласындағы шинажинақтау шеберханаларының біріне келген. Ол кеткеннен кейін, шеберхана жұмысшысы сатуға қойылған бұрын пайдаланылған стеллажда тұрған төрт шинаның жоғалғанын байқаған. Жұмысшы ер адамды тоқтатып үлгере алмаған соң, кәсіпорын иесіне болған жағдай туралы хабарласқан, ол полицияға жүгінген.

Келтірілген шығын 20 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде облыс орталығының Бірінші полиция бөлімі қызметкерлері күдіктіні анықтаған, келесі күні ол Солнечный кентіндегі блок бекетте ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Күдіктінің айтуынша, жұмысшы басқа іске алданған уақытында ұрлық жасау ойына келген.

– Қылмысты ашуға шебердің қырағылығы, сондай-ақ кәсіпорындағы бейнебақылау камерасы септігін тигізді, – деп нақтылап кетті Петропавл қ. ПБ Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов. – Ұрланған зат күдіктінің үйінен алынды және қажет ресімдер өткізілгеннен кейін иесіне қайтарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру