Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам бірге тұратын әйелді соққыға жыққан

Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік полиция инспекторлары өзімен бірге тұратын әйелді ұрып-соққан жанжалқорды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті отбасылық жанжалдан кейін “102” арнасына 28 жастағы бірге тұратын еркектен соққы алған 33 жастағы әйел адам арызданған. Әйел адам ұрып-соғу фактісі бойынша полицияға жыл бойы бірнеше рет жүгінген. Полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты үш рет бір айға қорғау ұйғарымын шығарған. Алайда, ер адам тиісті қорытынды шығармай, ұруын жалғастырған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тарапынан отбасылық жанжалқорға қатысты бір жылға ерекше талаптар қойылды, талаптарды бұзған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде немесе жеті тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Елорда аумағында 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін “Учаске” ЖПІШ өткізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында елордалық полиция қызметкерлері әрбір учаскені барынша қарап тексеруде. Осындай іс-шара барысында барлығы 26 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер 339 және 80-і қорғау ұйғарымын бұзу болып табылады. Алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін төрт мыңға жуық азамат жауапкершілікке тартылды және қоғамдық орындарды ластаудың екі мыңнан астам фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру