Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде есірткі қолданған тұрғын полицияға жеткізілді

Түркістан облысының полицейлері есірткі затын алып жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз біреудің көшеде есірткіге ұқсас заттың қолданып жүргені жайында хабарлама келіп түседі.

Осы факт бойынша, ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері күдіктіні халыққа қызмет көрсету орталығының майңайынан жол үстінде құрықтады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері күдіктіден екі граммнан астам “марихуана” тәркіледі.  Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, немесе көшеде заңсыз қолданып сатқандарға қылмыстық жауаптылық бар екендігін ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” телефоны бойынша хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру