Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жәбірленушіге телефонын тауып берді

Петропавл полицейлері жәбірленушіге телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған тонауды ашты. Наурыз айының соңында белгісіз қылмыскер ойын-сауық орындарының бірінде жалған атты пайдаланып қала тұрғынымен танысып, оны шығарып салмақ болған. Әйел адам көшеде такси шақырмақ болған кезде ол «Samsung А31» телефонын тартып алып, қашып кеткен. Шығын 86 мың теңгені құрады. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінбеген, өтіп кеткен екі күн жедел уәкілдердің жұмысын қиындата түсті. Дегенмен, «Алтын арман» базарының маңындағы бейнебақылау камераларының бірінен қылмыскердің белгілерін анықтауға мүмкіндік туды. Барлық аудандағы бақылау камераларындағы жазбаларды тексеру күдіктінің сырт келбетін толық көруге мүмкіндік берді. Бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тұрғылықты жерінде болмаған соң, оның жүрген жерін анықтауға шаралар қабылданды. Полицейлер оның араласатын ортасы мен жалға берілетін пәтерлерді назарға алды. Күдікті қала көшесінде ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. 

– Бұл жыл басынан Екінші бөлім аумағында тіркелген тонаудың үшіншісі, — дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. — Барлық жағдайда да қылмыскерлерді ұялы телефондар қызықтырған, олар шағын әрі қымбат заттар. Аталған санаттағы қылмыстың бәрі ашылды. Адамдардан күмән туғызған заттарды сатып алмауларын сұраймыз, мұндай «сатып алу» қаскөйлерді басқа да қылмыстарды жасауға итермелейді. Бұдан бөлек, арзан затқа құштарлықтың соңы ұрланған зат тәркіленген кезде шығынға әкелетіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру