Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 сәуір күні түнгі уақытта Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 39 жастағы Қармақшы ауданының тұрғыны болып шықты.

Бұл азамат 17 сәуір 2018 жылы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру