Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл Полиция басқармасының бастығы жұмысы жайлы есеп берді

Петропавл Полиция басқармасының бастығы әлеуметтік желі алаңдарында бір сағаттық тікелей эфир барысында жұмысы жайлы есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатовтың онлайн-есеп беруі барысында петропавлдық полиция жұмысының желісі бойынша сұрақтар қойылды, мәселелер шешіліп, ұсыныстар айтылды.

Қалалық полиция басшысы қолданушыларды бөліністің 2020 жылы атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындысымен ақпараттандырды. Онлайн-есеп беру қалалық ведомствоның «Instagram» және «Facebook» ресми аккаунттарында көрсетілді.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы өңірдегі ең ірі полиция бөлінісі болып табылады. Криминалмен және құқық бұзушылармен күрес ісіндегі негізгі жүктеме дәл осы облыс орталығының полицейлеріне түседі. Жандос Мұқатовтың ақпараты бойынша, падемия аясында туындаған қиыншылықтармен қатар, кемшілікке алаяқтықтың 44,2% өсуін жатқызуға болады. Олардың 70% дерлік ақпараттық жүйелер арқылы алдап-арбау жолымен жасалған. 2020 жылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша 13 іссапарға шығу жүзеге асырылып, 42 қылмыскер ұсталды. Олардың 16-сы облысымыздан тыс жерлерде тұратындар. Кешенді профилактикалық іс-шаралар қабылданып жатқанымен, қалалықтар әлі де болса, желіде сақтық пен қырағылық танытатын емес.

ПБ қызметкерлерімен «өткен жылдар» санатындағы 192 қылмыс ашылып, 32 қылмыскер ұсталды. Еріктілердің көмегімен із-түзсіз жоғалған 26 адамның жүрген жерлері анықталды.

«Қылмыстық іздестіруден» басқа есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға да ерекше көңіл бөлінеді. 2020 жылы облыс орталығында 102 есірткі қылмысы тіркелген, оның 47 фактісі – сату. Синтетикалық есірткі сатумен айналысатын жеті интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды. Бір жыл ішінде заңсыз айналымнан 294 кг түрлі есірткі заттары алынды. Полицейлердің сөзінше, қоғамның көмегі өте маңызды:еріктілердің көмегімен есірткіге қарсы бағытта 50-ден астам іс-шара өткізілді, сондай-ақ жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары бірнеше жыл бұрын құрылған мессенджер чатында ПИК төрағаларымен үнемі байланыста. 
Жандос Мұқатов масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жалға берілетін пәтерлердегі тыныштықты бұзу фактілері, көшелерді жаяу патрульдеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты жұмыстың әр желісі бойынша толық есеп берді. Сондай-ақ қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және оның қолжетімділігін жақсарту бойынша жұмыстарына да тоқталып кетті. Өткен жылы 79 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Қолданушылар қалалық полиция бөлінісінің басшылығымен болған онлайн-диалогта белсенділік танытты. Учаскелік полиция инспекторларына, патрульдік және ювеналдық полицейлерге алғыс білдіруден басқа, қолданушыларды автокөліктерін тіркеу және қайта жабдықтау тәртіптері қызықтырды, сонымен қатар, көліктерін тұраққа қою, жасөспірімдердің кешкі қыдыруға шығу тәртібі жайлы кеңес алды.

Онлайн-диалог соңында Жандос Мұқатов 2021 жыл Ішкі істер министрлігімен құқық бұзушылықтардың алдын алу және «халыққа жақын полицияны» қамтамасыз ету жылы болып жарияланғанын, бұл ретте Петропавл қ. ПБ қызметкерлері жерлестеріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасайтындарын атап кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру