Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер туризмді дамытуға ат салыспақ

Түркістандық полицейлер туризмді дамытуға ат салыспақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінде киелі өңірдің туризм саласын дамытуға байланысты дөңгелек үстел өтті. Оған департамент бастығы Қайрат Дәлбеков пен полиция құрылымдарының басшылары, Түркістан облысында ашылған Халықаралық туризм және меймандастық университетінің құзыреттілік орталығының басшысы Мая Агадилова қатысты.

Бас қосудың басты мақсаты – жаңадан құрылған Түркістан облысында туризм саласын дамытуға үлес қосу, сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың киелі өңірдегі туризмді дамытуға қатысты айқындаған мақсаттарын орындау. Дөңгелек үстелде арнайы сөз кезегін алған Мая Зәруқызының айтуынша, 2019-2025 жылдарға арналған туризм саласын жалпы Қазақстан бойынша деңгейін арттыру бағдарламасы, соның аясында қолға алынған жоба “Түркістан облысындағы жалпы полиция қызметкерлерінің туристік қабілетін жоғарылату” бойынша полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Яғни болашақта түркістандық тәртіп сақшылары білім ордасының мамандарынан дәріс алатын болады.

Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Түркі әлемінің бесігі” – Түркістан қаласын дамытудың маңыздылығына назар аударып, қасиетті қалада түркітілдес мемлекеттердің саммит өтетінін мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес дөңгелек үстел барысында кездескен тараптар саммитке дейін полиция қызметкерлеріне арналған сабақтарды карантин талаптарын сақтай отырып өткізіп, нәтижелерге қол жеткізуге де тоқталды.
Жалпы бүгінгі уақытта заман талабына сай облыс орталығы киелі Түркістан қаласы туризмді түлетуде жан-жақтан келген қонақтарды қабылдап, тарихи ескерткіштер мен тарихымызды таныстырмақ. Сондықтан елдің дамуы үшін ең қажетті салалардың бірі туризм мықтап қолға алынуы қажет.

Алдағы уақытта полицейлер туристерге қызмет көрсеткенде өздерінің білім біліктіліктерін пайдаланып, заманға сай және Түркістан майталман мамандардың арқасында туризмнің ортасына айналмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру