Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мүгедектікке шығарып беремін”: түркістандық алаяқ ұсталды

Түркістан қаласында “мүгедектікке шығарып беремін” деп алдаған күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақын таныс емес азаматша “мүгедектікке шығарып беремін деп” 150 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Арадан біршама уақыт өтседе ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Мүгедектікке шықпағаннан кейін, не ақшасын қайтармаған соң сан соғып қалғанын түсінген тұрғын полицияның көмегіне жүгінген.
Түркістан ҚПБ-ның полицейлері аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетеді. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, қалалық сақшылар алаяқтыққа күдікті әйелді анықтайды. Ол осы қаланың бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселені заң жүзінде шешуді ескертеді. Егер де осындай алаяқтардың қылмысына куә немесе құрбаны болсаңыз, “102” шұғыл нөміріне хабар беріңіз, өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру