Петропавл қаласында жоғалған көлік жанған күйінде табылды
Петропавл қаласында жоғалған көлік Аққайың ауданында күйіп кеткен қалпында анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына түнде біреулер Audi С4 автокөлігін айдап әкеткені туралы қала тұрғыны жүгінді. Бақылау-өткізу пунктері, аумақтық бөліністер бағдарланды. Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда бағдарда көрсетілген көлікке ұқсайтын күйіп кеткен автокөлікті анықтады.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам анықталды. Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирноводағы медициналық мекемеге жеткізілді.Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша енгізілді. Тергеу жүргізілуде.