Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бұрын басқару құқығынан айырылған Audi көлігінің мас жүргізушісі жолдан шығып кетті

СҚО-да бұрын басқару құқығынан айырылған Audi көлігінің мас жүргізушісі жолдан шығып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусымға қараған түні шамамен сағат 01.00-де Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында Воскресеновка ауылы маңында жолдан шығып кеткен Audi автокөлігін анықтайды. Көліктің қасында жүргізуші, яғни Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны болған. Одан спирттік ішімдіктің иісі сезілген, медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Бұдан бұрын 2019 жылы ер адам автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін жүргізу құқығынан үш жылға айырылған болатын. Алайда, бұл оны тоқтатқан жоқ. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша енгізілді, бапта басқару құқығынан айырылған тұлғаларға және рөлге масаң күйде отырғандарға қатысты жауапкершілік көзделген. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

– Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасы көліктің механикалық зақымдануымен аяқталды, бұндай жол-көлік оқиғаларының салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Мас жүргізуші өмірін қауіпке тігеді және ол барлық жол қозғалысы қатысушыларына қауіпті. Басқару құқығынан айыру туралы сот шешімін елемей, рөлге қайта масаң күйде отыратын адамдарға қатысты: ірі айыппұлдан бастап, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруымен бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жаза қолданады.

Жыл басынан облыста ҚР ҚК 346-бабы бойынша 34 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру