Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының ПБ басшысы қала тұрғындарымен кездесті

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов жергілікті тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков, облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, қалалық мәслихаттың депутаттары Арман Бердіғұлов, Кеңес Мұқышев, СҚО Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов және қаланың барлық учаскелік пункттерінің аға учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Жандос Мұқатов өткен жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың саны 23,3%-ға төмендегенін атап өтті. Қылмысты ашу деңгейі -61,3%. Қасақана адам өлтіру, ауыр дене жарақаттарын салу, тонау, қарақшылық, зорлау, бұзақылық, ұрлық, автокөлікті айдап әкету деректері азайған.

Жандос Мұқатов алаяқтық фактілерінің +44,2%-ға артқанын атап өтті, оның 70% алдау және байланыссыз, яғни ақпараттық жүйе пайдаланушыларының сенімін пайдалану жолымен жасалған.

Өткен жылы қалада 102 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген, оның ішінде 47-сі сату фактісі. Заңсыз айналымнан 294 келі есірткі алынды, оның 489 грамы героин болып табылады.

Петропавл жолдарында жол-көлік оқиғаларының 19,1%-ға, жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандар саны – 42,9%-ға, жарақат алғандар саны – 25,4% -ға төмендегені байқалады. 410 бейнебақылау камерасынан тұратын қалалық бейнебақылау жүйесі Жедел басқару орталығының базасында жұмыс істейді. Камералардың көмегімен 721 қылмыс ашылып, 14 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.

СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев қаланың бас полицейіне кәмелетке толмағандардың және есептегі адамдардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, контрафакт спиртті заңсыз сату, тыныштықты және абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін болдырмау сияқты бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ интернет-алаяқтықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға басымдық берілді. Облыстық полиция басшысының айтуынша, желіде алаяқтың құрбанына айналмас үшін әрбір қала тұрғыны негізгі алдын алу шараларын білуі тиіс.

Кездесу барысында қала тұрғындары өздерінің өтініш-тілектерін жеткізді. Мәселен, қала тұрғындары вокзал маңы алаңындағы супермаркеттің қасында пойыздар келген сәтте автокөліктер саны артатыны туралы айтты.

Полиция департаментінің бастығы Әкімшілік полиция басқармасына мәселені зерделеп, қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қала әкімі Болат Жұмабеков жақын арада вокзал маңында қоғамдық көлік жүре бастайтыны туралы атап өтті, бұл жеке көліктер санын азайтады. Сондай-ақ, қала тұрғындарының арасында тәртіп сақшыларына алғысын білдірген азаматтар да болды. Жиыннан кейін полиция басшылығы азаматтарды жеке қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру