Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады

Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаменті қызметкерлері арасында COVID-19-ға қарсы ерікті вакцинациялау басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Вакцинаны алғашқылардың бірі болып ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев алды.

Жеке құрам үшін үлгі ретінде мен вакцинаны алғашқылардың бірі болып алдым, – деп атап өтті С.Мадиев.

ШҚО бас полицейі қазіргі әлемде екпе егу салауатты өмір салтының маңызды элементіне айналғанын және вакцинациялауға жасаған қадамымыз коронавирустық инфекцияға тосқауыл болуға  мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінгі таңда вакцинацияланғандар тізімінде 100-ден астам адам бар. Олардың басым көпшілігі халықпен жиі қарым-қатынаста болатын  патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру