Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны сақтығының арқасында интернет-алаяқтардың құрығына түспеді

Петропавл тұрғыны сақтығының арқасында интернет-алаяқтардың құрығына түспеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байланыссыз алаяқтықтың алдын алу жұмыстары нәтижесін беруде: Криминалдық полиция басқармасына сақтығының арқасында алаяқтың арбауына түспеген облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Ер адам жедел уәкілдерге аудиожазбаны ұсынып, қаншылықты дұрыс жасағаны жайлы түсініктеме беруді сұрады.

Түске таман 45 жастағы петропавлдықтың ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк менеджері ретінде таныстырған. Оның айтуынша, ер адамның атынан бірнеше миллион теңге сомасына несие картасын ресімдеуге өтінім келіп түсіпті. 29 минут ішінде менеджер өзінің «клиентінің» жеке деректерін сыпайы және әдепті түрде сұрап алуға тырысқан, жалған өтінімді банк қызметкерлерінің арасындағы қаскөй қызметкерлер берген болуы мүмкін деп мәлімдеген. Қала тұрғыны әбіргерге салынбай, жағдайды түсінуге тырысқан. Ең бастысы – өзі тексеру сипатындағы сұрақтар қоя бастапты. Менеджердің банктің нақты қызметкері екенін растауды сұрады. Алайда, қоңырау шалушы өзінің ресми мәртебесін растау үшін нақты ештеңе айта алмаған соң әңгіме аяқталды.

Полиция қызметкерлері бұны растады. Жазылған диалогта интернет-алаяқтардың айла-тәсілдерінің белгілері бар. Банктердің нақты қызметкерлері мұндай қоңырауларды жасамайды, керісінше кеңсеге шақырады.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, бұл әдістер мен сценарийлер туралы мүмкіндігінше көп адамды, әсіресе қарым-қатынасқа мұқтаж, қазіргі заманғы технологияларды нашар білетін егде жастағы азаматтарды хабардар ету маңызды. Қоңырау шалу және хат алмасу арқылы қарым-қатынас жасау барысында жеке деректерді мүлдем беруге болмайды. Дүрлікпей, қаржылық операцияларға қатысты шешімдер қабылдауға асықпау керек, тек диалогты аяқтап, бірден банктің Call-орталығына және полицияға «102» нөміріне қоңырау шалу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру