Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны жоғалған телефонын табуға көмектескен полицейге алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны жоғалған телефонын табуға көмектескен полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусым күні ер адам гаджетін таксиде қалдырып кеткен. Ол мәдениет және демалыс саябағының жанында болған және бірден сол жерде орналасқан модульдік полиция бекетіне жүгінген. Ер адам көліктің маркасын да, нөмірін де есіне сақтамаған. Кезекшілікте болған полиция Бауыржан Жаров таксидің диспетчерлік қызметіне хабарласып, көлікті анықтаған.

Телефонына қол жеткен соң петропавлдық тұрғын полиция қызметкері Бауыржанға алғыс сөздерін білдіру полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшылары модульдік бекеттер, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан “SOS” түймелері полиция қызметін халыққа жақын әрі қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылатынын атап өтті. Полицейлер адамдардан өз мүлкінің сақталуына мұқият қарауды, ал қылмыс жасалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды. Уақытылы жүгіну оқиғалардық “ізін суытпай” ашылу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру